Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 18.06.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау тәртібін және Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 9 қазан N 1021
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заң күші бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 34-құжат), "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 желтоқсандағы N 2720 Заң күші бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жаршысы, 1995 ж., N 24, 162-құжат) және "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңын (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж.,
276-құжат) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ 
ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған:
     Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметін лицензиялау 
тәртібі;
     Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар кейбір 
жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан 
Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 желтоқсандағы N 2720 Заң күші бар 
Жарлығы қабылданғанға дейін сот-сараптама қызметін жүзеге асырған жеке 
тұлғалар 1998 жылдың 1 қазанына дейін осы қызметпен айналысу құқығына 
лицензия алуға тиіс деп белгіленсін.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                              1998 жылғы 9 қазанның
                                                 N 1021 қаулысымен
                                                     бекітілген
     
                   Қазақстан Республикасындағы
               Сот-сараптама қызметін лицензиялау
                           ТӘРТІБІ
     
Осы Тәртіп "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 Заң күші бар жарлығына сәйкес әзірленді, ол сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға лицензия берудің реті мен шарттарын белгілейді. 
1. Сот-сараптама қызметін лицензиялауды осы қызмет түрін мемлекеттік реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі(бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады. 
2. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыруға берілетін лицензия сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын жеке тұлғаның осы қызмет түрімен айналысу құқығын куәландыратын құжат болып табылады. 
3. Лицензия Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен сарапшылық мамандықтардың тізбесіне сәйкес белгілі бір сот-сараптама қызметіне беріледі. 
4. Лицензия Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыстық қудалау функциялары жүктелген мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкерлерінен басқа сот-сараптама қызметі үшін "Сот сараптамасы туралы" Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңында және осы Ережелерде белгіленген талаптарға сай келетін адамдарға беріледі.  
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.05.1999. № 578
5. Лицензияны басқа адамдарға беруге тыйым салынады. 
6. Лицензия бланкісі қатаң есептілік бланкісі болып табылады және оның есеп нөмірі болады. 
7. Лицензиялық құжаттар бланкілерінің, берілген лицензиялар көшірмелерінің есебін жүргізу мен оларды сақтауды және оларды тіркеуді лицензиар жүзеге асырады. 
8. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру құқығына ие болған адамдар Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. 
         2. Лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары 
9. Сот-сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензия алуға өтініш берген адам сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында жоғары және арнаулы ғылыми білімі болып, мынадай білім саласында жоғары біліктілігін танытуға тиіс: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңдарының; әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың негізгі ережелері; криминалистика; сот сараптамасының құқықтық, ғылыми, ұйымдық және әдістемелік негіздері; сараптаманың нақты түрінің ғылыми-әдістемелік негіздері; сот-сараптама қызметін информатикаландыру негіздері.  
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.05.1999. № 578
         3. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі 
10. Лицензиялаудың мемлекеттік жүйесі лицензия берудің бірыңғай тәртібін белгілейді. 
Полная версия
ИС BestProfi