Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
"Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 153 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 653-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«8) сертификат – табиғат пайдаланушыға парниктік газдар шығарындыларын азайту және көміртегі бірліктерінің саудасына қатысу жөніндегі өз міндеттемелерін орындау мақсатында берілетін парниктік газдар шығарындыларының рұқсат етілген көлемін белгілейтін құжат.»;
«13. Квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген қолданыстағы қондырғылар бойынша сертификаттар алуға арналған құжаттар оның қолданыстағы алғашқы жылының 1 мамырына дейін беріледі.»;
«2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін пайдалануға енгізілген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1588 қаулысымен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына 2013 жылға арналған квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілмеген жаңа қондырғылар бойынша өтініш 2013 жылғы 1 маусымға дейін беріледі.»;
«15. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап бір ай мерзім ішінде сертификат береді.»;
«18. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган квоталар бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген қолданыстағы қондырғылар бойынша табиғат пайдаланушыға жыл сайынғы квоталар беруді табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі шотындағы квота бірліктерінің тиісті санын есепке алу арқылы әрбір есепті жылдың 15 маусымына дейін қамтамасыз етеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия