Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестерді басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысы
Осы редакция 29.12.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.08.1999. № 1175 қаулысымен.
2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестерге иелік ету және пайдалану құқықтары берілетін министрліктер және өзге де мемлекеттiк органдар:
- дивидендтерді (серіктестіктердің қызметінен алынатын кірістерді) есептеудің уақытылығы мен толықтығын қамтамасыз етсін;
- 1999 жылдың 1 қарашасына Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестерін басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде қабылданған шаралар туралы есеп ұсынсын.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.08.1999. № 1175 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мүдделі министрліктермен бірлесіп бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысымен бекітілген
Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі
N р/с Бірегей коды Мемлекеттік үлесі бар ұйымның атауы
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне
1. АЛА - 000079 "Академик Шөкин атындағы Қазақ энергетика
ҒЗИ" ААҚ
2. АЛА - 005032 "ТрансПетролеум" ЖАҚ
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды - 12.10.2006. № 982 қаулысымен. (29.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия