Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құру туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 3787 Жарлығына және "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 сәуiрдегi N 492 қаулысына сәйкес және ақпараттандыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Әкiмшiлердiң мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруы, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен ақпараттық жүйелердi аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудi өзге түрде сатып алуы кезiнде осындай сатып алудың мiндеттi шарты Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен келiсу болып табылатыны белгiленсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.07.2003 № 724, 18.05.2010 № 427, 08.11.2010 № 1169 Қаулыларымен. (09.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ) оған - "БанкНет" банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы" жабық акционерлiк қоғамын қосу арқылы қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 мамырдағы N 659 қаулысына: