1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзуге жасасылған келiсiм-шарттардың, өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердің орындалуына Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген операцияларды жүргiзу кезінде отандық өндiрушiлердің тауарларын, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiн міндеттi түрде сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы мәнiнде мониторинг жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат ұсынсын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.11.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Отандық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 қараша N 1204
Қазақстан Республикасы Президентiнiң " Мұнай туралы " және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде мемлекет мүдделерінің тиiмдi қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне мыналарды:
Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген операцияларды жүргiзу кезiнде отандық өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiн міндеттi түрде сатып алу туралы заңнама талаптарының сақталуы мәнiнде Жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды және Мұнай операцияларын жүргізуге жасасылған келiсiм-шарттардың, өнiмдi бөлу туралы келiсiмдердiң орындалуы жөнiндегі қажеттi ақпаратты;
отандық өндiрушiлердiң тауарларын, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiн тартудың көрсетiлген келiсiм-шарттарда мiндеттi шарттың бiрi ретiнде сақталуы мәнiнде алдын ала келiсу үшiн Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзуге жасасылатын келiсiм-шарттардың жобаларын ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қызметiнің негiзгi мәнi Қазақстан Республикасының аумағында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды және Мұнай операцияларын жүргiзу кезінде отандық өндiрушiлердi тарту және заңнамада белгiленген тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетін қызметтерді сатып алуға арналған конкурстарда олардың мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету, озық технологияларды тарта отырып жаңа өндіpiстep құруда қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдарға жәрдемдесу, сондай-ақ тиiстi мониторингтi жүзеге асыру әрi орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттiк орындарға консультациялық қызмет көрсету деп белгіленіп, оның жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен "Қазақстандық келiсiм-шарт агенттiгi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
Полная версия