Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 04.08.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысы       
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрлiктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiн сайлауды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар ұсынсын.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Yкiметiнiң 05.04.2003. № 328 қаулысымен. (24.01.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсін. 
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
 N 1051 қаулысына
 1-қосымша
Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ:
Әбiқаев Нұртай Әбiқайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға; 
Әшiмов Нұрғали Сәдуақасұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi; 
Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары; 
Pахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; 
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi; 
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетінің төрағасы; 
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi. 
2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" AAҚ:
Полная версия
ИС BestProfi