Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2008
"Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамын басқарудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 24 қаңтар N 90
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 Қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне "Қазақ ақпарат агенттігі" (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамының президентi қызметіне заңнамада белгiленген тәртiппен сайлау үшiн Ғадiлбек Мiнәжұлы Шалахметовтың кандидатурасы ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
кейбiр акционерлiк қоғамдардың және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 18-жолмен толықтырылсын:
"18. "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ААҚ";
2) "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат):
кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ААҚ:
Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi вице-министрi, төраға;
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетi төрағасының орынбасары;
Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры;
Шалахметов Ғаділбек Мiнәжұлы".
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия