1. Жарғылық капиталында мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен мынадай акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - Қоғамдар) құрылсын:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.11.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметтi институционалдық қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы N 775 қаулысы
"Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" (бұдан әрi - Орталық);
2) "Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы" (бұдан әрi - Инжиниринг орталығы).
2. Орталықтың негiзгi мiндеттерi мыналар:
әлемдiк экономикада олардың дамуының негiзгi үрдiстерiн анықтау және Қазақстанның бәсекелестiк артықшылықтарын табу мақсатында отандық және халықаралық рыноктарды, экономиканың салалары мен секторларын, әртүрлi өндiрiстердi талдау;
инвестициялық жобаларды олардың перспективалы бәсекелестiк қабiлетi, жүзеге асырылу және пайдалылық мәнiне талдау жүргізу;
Қазақстан Республикасындағы iскерлiк ахуалын және экономикалық конъюнктураны талдау болып белгiленсiн.
3. Инжиниринг орталығының негiзгi мiндеттерi мыналар:
инжинирингтiк қызметтер көрсету;
озық шетелдiк технологиялар, өзге де инновациялық өнiмдер трансфертi және оларды Қазақстан Республикасында енгiзу;
технологиялар трансфертi кезiнде консультациялық, ақпараттық, заңдық және өзге де қызметтер көрсету;
технологиялардың сыртқы және iшкi рыноктарының маркетингi және осы саладағы дамудың әлемдiк үрдiстерiн талдау болып белгiленсiн.
4. 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен:
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне Орталықтың жарғылық капиталын қалыптастыруға 100000000 (жүз миллион) теңге;
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне Инжиниринг орталығының жарғылық капиталын қалыптастыруға 100000000 (жүз миллион) теңге;
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне бастамашылық және тәуекелдi ғылыми зерттеулер гранттары түрiнде мақсатты қаржыландыру үшiн Ғылым қорына белгiленген тәртiппен оларды аудару үшiн 100000000 (жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Индустрия және сауда министрлiктерiмен бiрлесiп заңнамада белгiленген тәртiппен тиiсiнше мыналарды:
Полная версия