Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.04.2005
"Мелиоратор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы. 2002 жылғы 28 желтоқсан N 1395       
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мелиоратор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны   жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен 
"Мелиоратор" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп   қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк   мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi жұмыс iстеп тұрған және жаңадан 
iске қосылатын су шаруашылығы және гидромелиоративтiк жүйелердi   жабдықтармен жасақтау, оларда iске қосу-реттеу жұмыстарын жүргiзу,   сондай-ақ су шаруашылығы және гидромелиоративтiк құрылыстардың   объектiлерi үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау болып   айқындалсын; 
3) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн   қамтамасыз етсiн; 
4) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы   министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де   шараларды қабылдасын. 
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне   мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң   түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" 
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 
 қаулысына      (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк   пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған   акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Павлодар облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк   нөмiрi 265-9-жолмен толықтырылсын: 
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк   пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану   жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: 
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне"   деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 205-5-жолмен толықтырылсын: 
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Полная версия
ИС BestProfi