1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн заңнамада белгiленген тәртiппен Атырау облысының коммуналдық меншiгiне берсiн.
"АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн Атырау облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы N 791 қаулысы
"Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес және мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
2. Атырау облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
"Атырау облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 384-3-жолмен толықтырылсын:
"384-3 АТР-000697 "АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар" ЖАҚ";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 137-жол алынып тасталсын;
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
реттiк нөмiрi 142-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия