1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінің және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгінiң ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру туралы ұсынысына (бұдан әpi - жоба) келiсiм берiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 18.10.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Байланыс және xaбap тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысы
Ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
2. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
3. Мыналар Қоғам қызметінiң негiзгi түрлерi болып белгіленсiн:
1) радиожиілiк спектрінің радиомониторингі жүйесiн және азаматтық мақсаттағы радио сәуле шығарушы құралдардың деректерiн есепке алу жүйесiн техникалық сүйемелдеу;
2) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімдiлігiн қамтамасыз ету, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгiне есептеулер жүргiзу және құралдық бағалау жөнiнде қызметтер көрсету;
3) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар таpaту аппараттарын әрi олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;
4) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарының транспондерлерін ұсыну.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Қоғам жарғысының бекiтiлуiн;
Полная версия