1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінің және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгінiң ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру туралы ұсынысына (бұдан әpi - жоба) келiсiм берiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Байланыс және xaбap тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысы
Ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
2. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлiгi республикалық орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
2-1. Қоғам мыналарды ұйымдастыру жөнiндегi уәкілетті ұйым болып белгiленсiн:
1) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарын және олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;
2) азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электр магниттiк үйлесімділігін есептеуді жүргізу.
3) байланыс ғарыш жүйелерінің, оның ішінде байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерінің және ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешендерінің техникалық тапсырмалары мен техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу.
2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 18.10.2005 № 1044, өзгертілді - 23.03.2006 № 200, 31.10.2007 № 1023, 17.04.2008 № 362 Қаулыларымен. (30.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Жүктелген өкiлеттiктердi iске асыру үшiн Қоғам мынадай қызметтi жүзеге асырады:
1) радиожиілiк спектрінің радиомониторингі жүйесiн және азаматтық мақсаттағы радио сәуле шығарушы құралдардың деректерiн есепке алу жүйесiн техникалық сүйемелдеу;
2) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электрмагниттік үйлесімділігіне есептеу жүргізу жөнінде қызметтер көрсету;
3) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар таpaту аппараттарын әрi олардың ұшуын жерден басқару кешенiн пайдалану;
4) ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату аппараттарының транспондерлерін ұсыну;
5) халықаралық шарттар негізiнде байланыс мәселелерi бойынша халықаралық қызметтi жүзеге асыруға қатысу.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2005 № 1044, 17.04.2008 № 362 Қаулыларымен. (30.12.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Қоғам жарғысының бекiтiлуiн;
Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегi агенттiгiне Қоғам акциялары мемлекеттiк пакетінiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп заңнамада белгіленген тәртiппен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.
Полная версия