Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 қазандағы N 1023 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 311-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
"3) байланыс ғарыш жүйелерінің, оның ішінде байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерінің және ғарыш аппараттарын басқарудың жер үсті кешендерінің техникалық тапсырмалары мен техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу.". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi