Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында гидроэнергетиканы дамыту жөнiндегi қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 161 Қаулысы       
Редакция 22.02.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "ҚазҚуат" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
1) энергия өндiрушi ұйымдарды салуды, қайта жаңартуды және жаңғыртуды ұйымдастыру; 
2) құрылатын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестициялар салуды жүзеге асыру; 
3) жұмыс істеп тұрған және құрылатын энергия өндiрушi ұйымдарға қатысу үшiн әлеуеттi инвесторлар тарту болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қоғамның жарғылық капиталына ақы төлеу үшін 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервінен 149244000 (бiр жүз қырық тоғыз миллион екi жүз қырық төрт мың) теңге бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнген ақшалай қаражатқа ақы төлеу; 
"Шардара CЭC" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру жолымен қалыптастыруды; 
2) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне берудi; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен құрылатын "Мойнақ CЭC" акционерлiк қоғамы жарғылық капиталының 49 (қырық тоғыз) пайызы мөлшерiндегi үлесiне ақы төлеуге Шарын өзенiндегi Бестөбе су қоймасында салынып жатқан Мойнақ су электр станциясының бастапқы циклінің мүлкін беру шартымен "Бiрлiк" акционерлiк қоғамының қатысуымен, Қоғамның "Мойнақ CЭC" акционерлік қоғамын құруын қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн: 
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттiк меншіктің түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: 
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-98-жолмен толықтырылсын: 
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттiк үлестеріне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмірі 20-2-жолмен толықтырылсын: 
3) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат): 
көрсетiлген қаулымен бекiтілген 2006 жылға дейін акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендіруге, оның ішiнде жекешелендірудің алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесінде: 
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 55-жолмен толықтырылсын: 
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi