Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.02.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Қазақстан Эксимбанкi" ашық акционерлiк қоғамының және "Медетшi қор" жабық акционерлiк қоғамы қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 1267 қаулысы
1. "Қазақстан Эксимбанкi" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Эксимбанк) Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 2 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты (бұдан әрi - ғимарат) Эксимбанктiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алдындағы мiндеттемелерiн өтеу есебiне заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiкке қабылдау туралы ұсынысымен келiсiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен Эксимбанкпен кредиттер, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша республикалық бюджет алдындағы Эксимбанктiң берешегiн салыстыру актiсiне қол қойсын.
3. Эксимбанк (келiсiм бойынша) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi алдындағы бюджеттiк кредиттер, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша ақшалай мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен ғимараттың нарықтық құнының сомасына "Медетшi қор" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) акцияларының қосымша эмиссиясын шығару туралы шешiм қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 4-тармағы орындалғаннан кейiн ғимаратты Қор акцияларының қосымша эмиссиясын төлеу есебiне Қордың жарғылық капиталына берудi жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Қордың жарғысына оны "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес келтiру және Қор қызметiнiң негiзгi түрi бұрын республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлген кредиттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелердi орындауға бағытталған қаражат бойынша берешектi республикалық бюджетке өндiріп алу деп анықтау мақсатында өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (келiсiм бойынша) Қорға теңгемен және шетел валютасында банктік операциялардың мынадай түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру туралы мәселенi қарау ұсынылсын:
1) аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару жөнiндегi тапсырмаларын орындау;
2) қарыз алу операциялары: ақы төлеу, мерзiмділiк және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанды кредиттер беру.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамаға сәйкес мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша кредит берушілермен келiсiм бойынша Эксимбанкпен және Қормен осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген қарыз алушылар тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, мемлекеттiк қарыздар, оның iшiнде осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бiрлесiп қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын қарыздар бойынша Эксимбанктiң құқықтары мен мiндеттемелерiн Қорға беру жөнiнде үш жақты келiсiмдер жасассын.
9. Эксимбанк (келiсім бойынша) Қорға бұрын оған қарыз алушылар өтеген "Жеңiл өнеркәсiп", "Темiр жол", "Құрылыс индустриясы" секторлық бағдарламаларының шеңберiнде Германия Федеративтiк Республикасын (бұдан әрi - KFW) қалпына келтiру жөніндегi кредит ведомствосы берген мемлекет кепiлдiк берген қарыздар бойынша негiзгi борышты аударсын.
10. Қор (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Эксимбанктен алынған сома бөлiгiнде KFW алдындағы мiндеттемелердi орындау жөнiндегi кепiлдiктi берсiн.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы, Әділет, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар министрлiктерi, Эксимбанк (келiсiм бойынша) және Қор (келiсiм бойынша) осы қаулының 8-тармағын орындау жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қажет болған кезде осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген қарыз алушылар тартқан қарыздар туралы келiсiмдер (шарттар) бойынша кредит берушілердiң пайдасына Қазақстан Республикасының бұрын берiлген мемлекеттiк кепілдiктерiнiң қолданылуын растасын немесе ауыстыруды жүргiзсiн.
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Эксимбанктiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламалары шеңберiнде берiлген кредиттер жөнiндегi, экономиканы қайта құру қорының қаражаты есебiнен берiлген кредиттер жөнiндегi кредит шарттары бойынша, Эксимбанк пен "Бронетанк жөндеу зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны арасында жасалған 2000 жылғы 15 желтоқсандағы N 53-16/кд-в кредит шарты бойынша және түпкi қарыз алушылармен кепiл шарттары бойынша талап ету құқықтарын беру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
2) Қормен (келісім бойынша) олардың осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген кредиттер бойынша қарыз алушылардың берешегiн республикалық бюджетке өндiрiп алуды жүзеге асыру жөнiнде келiсiм жасассын;
Полная версия