Близость слов: Окончание:





"Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы N 832 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2.6.5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ядролық технологиялар паркі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) оның жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мыналар болып белгіленсін: 
1) "Ядролық технологиялар паркі" технопаркінің (бұдан әрі - технопарк) инфрақұрылымы мен базалық өнеркәсіптік қондырғыларын жобалау, салу, ұстау және пайдалану; 
2) технопарктің базалық өнеркәсіптік қондырғылары мен инфрақұрылымын пайдалануға негізделген қызметтер көрсетуді, сондай-ақ технопарк аумағында жұмыс істейтін компанияларға сервистік қызметтер көрсетуді ұсыну; 
3) перспективалы технологиялық әзірленімдерді іздестіру, іріктеу, технопарктің базалық өнеркәсіптік қондырғылары мен инфрақұрылымын қолдана отырып, өндірістерді құруға және дамытуға жәрдемдесу; 
4) атом саласындағы ғылымды қажетсінетін технологияларына және оған іліспе ғылым мен техника саласына инвестицияларды тарту; 
5) елдің ядролық экспорттық әлеуетін қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететін жаңа инновациялық технологиялар мен өндірістерді құруға жәрдемдесу.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен Қоғамның жарғылық капиталын 273000000 (екі жүз жетпіс үш миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік  мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
2) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін; 
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-10-жолмен толықтырылсын: 
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында: 
"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-3-жолмен толықтырылсын: 
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министрінің         міндетін атқарушы
Полная версия
ИС BestProfi