Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 25 ақпан N 248
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 Жарлығын (бұдан әрi - Жарлық) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" мен "Мұнай және газ тасымалдау" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамдары (бұдан әрi - Жабық акционерлiк қоғамдар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен өзге де мүлiктерiн беру жолымен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" (бұдан әрi - "ҚазМұнайГаз" ҰК) жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыруды; 
2) "ҚазМұнайГаз" ҰК жарғысын бекiтудi және оны мемлекеттiк тiркеудi; 
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзудi, сондай-ақ оларды iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)                қаулысымен.  
3)-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 25.09.2002. № 1051 (25.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "ҚазМұнайГаз" ҰК Аджип Каспиан Си Б.В., БГ Эксплорейшн Энд Продакшн Лимитед, БП Қазақстан Лимитед, Ден Норске Статс Ольесельскап а.с., Мобил Ойл Қазақстан Инк., Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В., Тоталь Эксплорейшн Продакшн Қазақстан, "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамы, Қазақстан Республикасы және "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы арасында жасалған ГКИ сериялы N 1016 лицензияға (мұнай) сәйкес мердiгерлiк учаскеде барлау мен өндiруге арналған 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiмде және Аджип Қарашығанақ Б.В., БГ Эксплорейшн Энд Продакшн Лимитед, Тексако Интернэшнл Петролеум Компани, "ЛУКОЙЛ" Мұнай Компаниясы" ашық акционерлiк қоғамы, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердiгерлiк учаскесiнде өнiмдi бөлу туралы түпкiлiктi келiсiмде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру жөнiндегi өкiлеттi орган болып белгiленсiн. 
Полная версия
ИС BestProfi