Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 25.03.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 Қаулысы
Бүкіл мәтін бойынша "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы" сөздер "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" сөздермен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" сөздер "ҚазАгро" холдингі" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 13.03.2009. № 297 Қаулысымен. (07.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
"Агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "ҚазАгро" холдингі" АҚ) құрылсын.
2. "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдарды тиiмдi басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн дамытуды ынталандыру болып белгiленсiн.
1) "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум; 
2) акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акционерлiк қоғамдардың тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
"ҚазАгро" холдингі" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн; 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп: 
1) "ҚазАгро" холдингі" АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебiнен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды; 
2) "ҚазАгро" холдингі" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумның ережелерiн ескере отырып, "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жарғысын бекiтудi; 
3) "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi; 
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн бағалауды жүргiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулының 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚазАгро" холдингі" АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және тiзбеде көрсетiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп: 
1) бiр ай мерзiмде "ҚазАгро" холдингі" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн; 
2) бiр жарым ай мерзiмде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Полная версия
ИС BestProfi