Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қазандағы N 921 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
  1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда: 
"Құру мақсаты" деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын: 
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны (бұдан әрі - "ҚазАгро" ұлтхолдингі" АҚ) құрудың мақсаты инвестициялық активтерді тиімді басқаруды және акциялары оған орналастырылған акцияларға төлеу ретінде берілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - қоғамдар) корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады."; 
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары деген 2-бөлімде: 
үшінші, төртінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын; 
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: 
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ және қоғамдар қызметінің   ашықтығы"; 
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның міндеттері" деген 3-бөлім мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қойылған мақсат шеңберінде»"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның міндеттері мынадай болады: 
инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін шешуге шоғырландыру және бағыттау; 
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру; 
аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту; 
агроөнеркәсіптік кешендегі кластерлердің қалыптасуына және дамуына жәрдемдесу; 
агроөнеркәсіптік кешен өнімінің экспортын дамыту; 
ішкі азық-түлік нарықтарын реттеу және тұрақтандыру; 
корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру. 
Міндеттерді іске асыру директорлар кеңестеріндегі акционердің және өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы қоғамдарды дамытуға»"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның белсенді қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады. 
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның функциялары" деген 4-бөлімде: 
үшінші абзацтағы "қоғамдардың" деген сөзден кейін "стратегиялық" деген сөзбен, "жоспарларын" деген сөзден кейін", инвестициялық бағдарламалар мен жылдық бюджеттерді" деген сөздермен   толықтырылсын; 
мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтармен толықтырылсын: 
"қоғамдардың лауазымды тұлғаларын іріктеу және дәлелдеу; 
қоғамдардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету; 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де   функциялар."; 
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 5-1-бөлімде: 
"бір айда бір рет орта мерзімді негізде" деген сөздер "екі жылда бір рет ұзақ мерзімді негізде" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"кемінде жылына бір рет" деген сөздермен толықтырылсын; 
екінші абзацта "екі жылда" деген сөздер "айына" деген сөзбен ауыстырылсын; 
үшінші абзацтағы "Компаниялардың" деген сөз "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ және қоғамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын. 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi