«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 Қаулысы
Осы редакция 03.11.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 24 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 13-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2280 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер мен негізгі ұғымдар
1. Осы Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау тәртібін анықтайды.
2. Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) - аттестаттық тексеру нәтижелерін қарайтын және тиісті ұсынымдарды әзірлейтін, уәкілетті орган жанындағы консультациялық-кеңес беру органы;
2) ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі аттестаты (бұдан әрі - аттестат) - ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - АЖ) ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі - АҚ) талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі фактісін растайтын құжат;
3) уәкілетті орган - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган;
4) уәкілетті ұйым - ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым;
5) өтініш беруші - АЖ-нің АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға.
3. АЖ-ні АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау деп АЖ қорғалуының нақты жағдайын және оның АҚ талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігін анықтау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешені түсіндіріледі.
4. Мемлекеттік АЖ-ні, сондай-ақ олармен интеграцияланатын барлық мемлекеттік емес АЖ-ні пайдалану мен енгізуге оларды АҚ талаптары мен Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттағаннан кейін жол беріледі.
Полная версия

