Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 тамыз N 1029       
Редакция 17.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің (бұдан әрі - Эксимбанк) аудиторлық ұйыммен 2001 жылғы 1 қаңтар - 1 маусым кезеңі үшін аудит жүргізуге арналған шарт жасасуын; 
2) жарғылық капиталдың мөлшерін Эксимбанктің меншікті капиталы деңгейіне дейін жеткізуді қамтамасыз етсін. 
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.07.2023 жылғы № 602 Қаулысына сәйкес (03.08.2001 ж. редакцияны қараңыз) 
3. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік 
кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметін тиімді басқару мен 
бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290  

 
  қаулысына (Қазақстан 
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерістер 
енгізілсін:
     1) көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы:
     6-тармақ алынып тасталсын;
     2) көрсетілген қаулыға 2-қосымшадағы:
     10-1-тармақ алынып тасталсын.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б. 
     
      
      
Полная версия
ИС BestProfi