Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы N 265 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 623 Қаулысына сәйкес
«Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 316 Бұйрығын қараңыз
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнің
 2003 жылғы 18 наурыздағы
 N 265 қаулысымен
 бекiтiлген
Автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу ережесi
1. Осы Автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу ережесi "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес әзiрленген, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, шаруашылық автомобиль жолдарын, қалалар мен елдi мекендердің көшелерiн мемлекеттік есепке алу тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - автомобиль жолдары).
2. Осы ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады: 
автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу - автомобиль жолдары саласындағы уәкiлеттi органның (бұдан әрi - жол органы) автомобиль жолдарын паспорттау негiзiнде деректер банкiн құру; 
автомобиль жолдарының паспорты - жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзу нәтижесінде алынған автомобиль жолдарының техникалық және пайдалану сипаттамасы туралы деректерiн қамтыған техникалық құжат; 
жолдарды техникалық есепке алу - автомобиль жолдарының паспортын жасау үшiн автомобиль жолдарына техникалық және пайдалану сипаттамасы туралы деректер жинағы.
3. Барлық автомобиль жолдары мемлекеттік есепке алуға жатады.
2. Мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбi
4. Автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу мақсатында жол органы жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзедi, деректер банкiнiң құрылуы негiзiнде автомобиль жолдарының паспорты қалыптасады.
5. Жолдарды техникалық есепке алу мынадай кезеңдердi көздейдi: 
6. Дайындық жұмыстары кезiнде жол органдары бағдарлама жасайды, онда жұмыстардың көлемi, еңбек және көлiк шығындары, жұмыстардың орындалу мерзiмi анықталады.
7. Дала жұмыстары кезiнде жолға (объектiге) қатысты жолдың сипаттамасы және параметрi туралы деректер жинау орындалады.
8. Камералдық жұмыстар кезінде дала жұмыстарын өңдеу және техникалық құжаттарға жол органы белгiлейтiн сипаттамасы мен параметрi туралы деректер енгiзудi жүргізедi.
9. Мемлекеттiк есепке алу республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүргiзiледi.
10. Техникалық есепке алуды және паспорттауды жүргiзуге жол органы жасайтын мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген шарттар бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және басқа да мамандандырылған ұйымдар тартылады.
11. Жаңадан салынған, қайта жаңғыртылған және пайдалануға берiлген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн техникалық есепке алу дала жұмыстарын орындаусыз қолдағы жобалық немесе орындаушылық құжаттама негізінде жүргiзуге жiберiледi.
12. Жаңадан салынған, қайта жаңартылған және пайдалануға берiлген автомобиль жолдарын техникалық есепке алу мемлекеттік қабылдау комиссиясының актiлерi бекітiлгеннен кейiн алты айдан кешiктiрілмей жүргiзiледi.
13. Жолдарды техникалық есепке алуды жүргiзу нәтижесінде   алынған автомобиль жолдарының техникалық және пaйдалану сипаттамасы туралы деректер негiзiнде жол органы бекiтетiн автомобиль жолдарының паспорты, нысаны қалыптасады.
14. Автомобиль жолдарының паспортына, және деректер банкiне, жыл сайын 1 қаңтардағы жай-күйi бойынша өзгерiстер енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi