Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері антының мәтінін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 желтоқсан N 978 Жарлығы
Тақырып өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (02.12.2002 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 158 Жарлығына сәйкес
Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (02.12.2002 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері антының мәтіні бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 29.08.2014 жылғы № 900 Жарлығымен (02.12.2002 ж. редакцияны қараңыз)
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы __________________ (тегі, аты, әкесінің аты) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қызметке кіре отырып:
маған жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен әрі кәсіби түрде орындауға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері жоғары атағын қастерлеуге;
азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту үшін күшімді аямауға, қажет болса өмірімді қиюға;