Близость слов: Окончание:





Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 Бұйрығы. 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6463 болып енгізілді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.05.2017 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Редакция 17.05.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, жолаушылардың, багаждың және жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және беруден бас тарту тәртібін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 08.04.2020 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (02.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.05.2017 жылғы № 287 Бұйрығына сәйкес (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Министрдің         
міндетін атқарушы                          Д. Көтербеков
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін атқарушысының
2010 жылғы 13 тамыздағы
№ 359 бұйрығымен
бекітілген
Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік және коммуникация министрінің 08.11.2010 № 504 Бұйрығымен (13.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік және коммуникация министрінің 28.04.2011 № 234 Бұйрығымен (08.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Көлік және коммуникация министрінің 23.08.2013 жылғы № 653 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.09.2014 жылғы № 30 Бұйрығымен (23.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.11.2014 жылғы № 232 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.05.2017 жылғы № 287 Бұйрығымен (19.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 02.10.2018 жылғы № 685 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 08.04.2020 жылғы № 190 Бұйрығына сәйкес (02.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) авиациялық маршрут (авиамаршрут) – авиатасымалдар пункттері арасындағы олардың үстінен әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамаларының комбинациясы. Ауданында ұшу/бару әуеайлағы орналасқан аудандардағы елді мекендер авиатасымалдар пункттері болып табылады;
2) жүк құжаттамасы - жүкті тасымалдау шарттары, жөнелтілетін салмақ, жөнелту және тағайындау пункттері көрсетілген тасымалдаушының маршруты бойынша жүкті тасымалдаудағы жүкті жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы келісімшартты растау үшін қолданылатын, алдын ала сәйкестендіріліп басылған тасымалдаушының құжаты. Нақты рейс орындайтын әуе кемесінің бортына жүкті тиеуді жүзеге асыратын кез келген қону пункті (алғашқы немесе маршруттағы) жөнелту пункті болып табылады, ал жүкті түсіретін бірінші тиісті пункт белгіленген пункт болып табылады (тасымал қай жерде басталғанына және соңында бұл тасымал жүк қағазына сәйкес қайда аяқталатына байланысты емес);
3) шартты авиабағыт - авиабағыт куәлігі бар Қазақстан Республикасының тағайындалған тасымалдаушылары тұрақты ұшулар орындайтын халықаралық авиамаршрут;
4) көмек көрсетуге арналған тасымалдар - табиғи апат немесе төтенше жағдайларда (апат, эпидемия және т.б.) көмек көрсету мақсатында персоналды және керек-жарақтарды тасымалдау үшін гуманитарлық мақсатта орындалатын тұрақты емес рейстер, санитарлық рейстер, сондай-ақ, қалпына келтіру апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты жасалатын ұшулар;
5) туристік чартерлі рейс – тұрақты емес рейс болып табылады және ол авиакомпаниямен фрахталау туралы шарт негізінде туроператордың (фрахта алушының) өтінімі бойынша құрылады, осыған сәйкес фрахта беруші фрахта алушыға бір немесе бірнеше рейсте шарттық желілер бойынша жолаушыларды, жүкті және багажды тасымалдауға арналған бір немесе бірнеше әуе кеменің толық немесе жартылай сыйымдылығын төлеуі тиіс;
6) жеке мақсатында немесе қызметтік сапардағы чартерлік рейс - бұл жолаушыларды және/немесе жүкті тасымалдау үшін өз мақсатында жеке немесе заңды тұлғамен тығыз байланыста болатын және тура немесе қосымша жеке немесе заңды тұлғаларға бөлінбейтін шығыстары толығымен осы жеке немесе заңды тұлғамен жабылатын, тұрақты рейс емес;
Полная версия
ИС BestProfi