Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.09.2015
"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 199 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
2 шілдедегі № 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 611-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«диспетчерлік жүйе – келісілген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының қозғалысы туралы нақты уақыт режимінде үздіксіз ақпарат алуға мүмкіндік беретін жүйе;
диспетчерлік жүйе операторы – диспетчерлік жүйені ұйымдастыруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар;»;
«10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң 2001 жылғы 22 қазандағы № 378 бұйрығымен бекiтiлген «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлiк қызметтерi» туралы ҚР СТ 1040-2001 сәйкес келуi тиiс, бұл ретте:
1) қалалық және қала маңындағы тұрақты автомобильмен тасымалдау маршруттарында кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустарды (I класты), шағын автобустарды, сондай-ақ қала маңындағы автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустарды (II класты) пайдалануға рұқсат етiледi;
2) қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында қалааралық автобустар (II класты) немесе алысқа жүретiн автобустар (III класты) пайдаланылуы тиiс. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша осы маршруттардың ұзақтығы 300 км-ге дейiн болса, шағын автобустарды пайдалануға рұқсат етiледi;
3) халықаралық қатынастарда жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдайтын маршруттарға тасымалдау түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тасымалдаушылар жіберіледі;
4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауда тұрақты қалааралық облысаралық, халықаралық және қалалық (республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ облыс орталықтарында) маршруттарда қолданылатын автобустар мен шағын автобустар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы деректерді үздіксіз беру жүйелерімен жабдықталады.
11. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша ұзақтығы 150 км астам қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты және тұрақсыз тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустарда шалқаймалы арқалықтары бар жұмсақ отырғыштары болуы тиiс.
Осы талап маршруты ирелеңдері, бұрылыстардың кіші радиустары немесе паромдық өткелі бар таулы жерлерден өтетін ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауға қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Маршруттың ұзақтығы 500 км асатын болса, автобус салонында ауыстырушы жүргізушінің орны көзделеді.»;
«27. Такси сырттан екі бүйірі бойынша (белдеумен) шахматтық тәртіппен орналасқан қара және сары шаршылардан тұратын бірыңғай ерекшелік белгісімен мынадай өлшемде ресімделеді:
Полная версия
ИС BestProfi