Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2024
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 15.12.2023 жылғы № 1128 Қаулысына сәйкес
Осы Қаулы тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.03.2013 № 208 Қаулысына сәйкес (19.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.07.2013 ж. № 176 (28115) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 22.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 53) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары бекiтілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.03.2013 № 208 Қаулысына сәйкес (19.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.07.2013 ж. № 176 (28115) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 19 қарашадағы
 N 1221 қаулысымен
 бекітілген
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.03.2013 № 208 Қаулысына сәйкес (19.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 14.07.2013 ж. № 176 (28115) «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықаралық авиамаршрутта жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тұрақты әуеде тасымалдауды орындау құқығына авиакомпаниялар үшін конкурс өткізу тәртібін, конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға арналған куәлікті беру тәртібін айқындайды.
2. Конкурс жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиакомпанияны айқындау және халықаралық авиамаршруттарға арналған куәліктер беру мақсатында өткізіледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.09.2017 жылғы № 598 Қаулысына сәйкес (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс үкіметаралық келісімдерге сәйкес авиатасымалдаушылардың саны немесе рейстерді орындау жиілігі бойынша шектеу белгіленген авиамашруттарға:
2) үкіметаралық келісімге енгізілген өзгерістерге сәйкес қолданыстағы халықаралық авиамаршрутта қосымша жиіліктер бөлінген;
3) авиатасымалдаушы халықаралық авиамаршрутты пайдаланудан бас тартқан кезде босатылған жиіліктер бөлінген жағдайларда жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) халықаралық авиамаршруттарға конкурс өткізудің ұйымдастырушысы болып табылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.09.2017 жылғы № 598 Қаулысына сәйкес (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Конкурсқа осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін авиакомпания қатыса алады.
5. Конкурсқа шығарылатын әрбір авиамаршрут жеке лот болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi