Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.07.2010
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 Заңы
Актiнiң нысаны және тақырыбы өзгертілді, кiрiспе алынып тасталды, мәтiнде "тарау" сөздiң алдындағы "I - XV" цифрлар тиiсiнше "1 - 15" цифрлармен ауыстырылды, "Жарлықты", "Жарлықта", "Жарлықпен", "Жарлық", "Жарлықтың" сөздер тиiсiнше "Заңды", "Заңда", "Заңмен", "Заң", "Заңның" сөздермен ауыстырылды; "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi органдар", "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi органның", "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi орган", "әуе қозғалысына қызмет көрсетушi органға" сөздер тиісінше "аэронавигациялық ұйымдар", "аэронавигациялық ұйымның", "аэронавигациялық ұйым", "аэронавигациялық ұйымға" сөздермен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (08.05.2003 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
Осы Заң күшін жойды 06.08.2010 жылдан бастап ҚР 15.07.2010 жылғы № 339-IV Заңына сәйкес
Редакция 19.03.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Авариялық-құтқару жұмыстары - ол жапа шеккендерге дер кезiнде көмек көрсетуге бағытталған iс-шаралар кешенi.
Авиакомпания - азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға.
Авиация қауiпсiздiгi - ол авиация қызметiне заңсыз қол сұғу актiлерiнiң алдын алу және оларды болдырмау арқылы қамтамасыз етiлетiн авиацияның қалыпты және қауiпсiз қызметi.
Авиация қызметiне заңсыз қол сұғу - авиацияның қалыпты және қауiпсiз қызметiне қол сұғу арқылы адамдардың бақытсыз жағдайға ұшырауына, материалдық зиян шегуге, әуе кемесiнiң күшпен басып алынуына немесе қуылып кетуiне әкеп соқтыратын немесе осындай зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсiздiк.
Авиациялық жұмыстар - жеке шаруашылық салаларындағы (ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы, экспедициялар мен тағы басқаларға қызмет көрсетудегi) тапсырыс берушiлердiң технологиялық және өндiрiстiк процестерiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, санитарлық және табиғатты қорғау iс-шараларын жүргiзу, халыққа медициналық көмек көрсету, табиғи зiлзала, авариялар мен апаттар зардаптарын жою үшiн авиация құралдарымен атқарылатын мамандандырылған операциялар.
Авиациялық оқиға - әуе кемесi ұшуды орындау мақсатында пайдаланылған кезде осы әуе кемесiнiң, оның экипажының, басқа авиация қызметшiлерiнiң қалыпты қызмет атқару жағдайының бұзылуына байланысты немесе сыртқы жағдайлардың әсерiне байланысты туындаған және адамдардың қаза табуына, елеулi зақымдарға, әуе кемесiнiң қирауына немесе мүлдем iстен шығуына әкеп соқтыратын оқиға.
Авиациялық тосын оқиға - ұшуды орындау мақсатында әуе кемесi пайдаланылған кезде осы әуе кемесiнiң, оның экипажының, басқа авиация қызметкерлерiнiң қалыпты қызмет атқаруының бұзылуына байланысты немесе сыртқы жағдайлардың әсерiне байланысты туындаған, бiрақ авиациялық уақиғаға әкеп соқтыра қоймаған оқиға.
Авиация сала ретiнде - ол қызметi әуе кемелерiнiң көмегiмен адамға жағдай жасауға және оның әуе кеңiстiгiн пайдалануына бағытталған ұйымдардың барлық түрi. 
Қазақстан Республикасының авиациясы эксперименттiк, мемлекеттiк және азаматтық авиация болып бөлiнедi.
Азаматтық авиация - эксперименттiк авиация мен мемлекеттiк авиация құрамына кiрмейтiн және мынадай мақсаттарда: 
а) жолаушыларды, теңдеме жүктi, жүктер мен почтаны тасымалдауда (әуе тасымалдары); 
в) оқытып-үйрету, спорттық, мәдени-ағарту iс-шараларын жүргiзуде, техникалық шығармашылықты дамытуда; 
г) әуе кемесiн пайдаланушының жеке қажеттерiн қанағаттандыруда; 
д) iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуде, табиғи зiлзала болған жағдайларда жәрдем көрсетуде пайдаланылатын авиация.
Көрсетiлген мақсаттарда ақы алу немесе жалдау бойынша пайдаланылатын азаматтық авиация коммерциялық авиация деп танылады.
Полная версия
ИС BestProfi