Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2020
"Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 - 2021 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы № 1751 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 10 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 26.12.2019 жылғы № 979 Қаулығына сәйкес  
«Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ, оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 - 2021 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1751 қаулысымен
 бекітілген
«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 - 2021 жылдарға арналған даму стратегиясы 1. Ағымдағы жай-күйін талдау
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі - ТжКБ) саласындағы сапалық өзгерістерге қажеттілік білікті жұмыс күші нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы өсіп отырған алшақтыққа байланысты.
Бұл проблема Қазақстанда ұлттық экономиканы әртараптандыру және жеке сектордың дамуын қолдау жөніндегі шаралардың белсенді енгізілуіне байланысты ерекше өзекті болып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - ҮИИДМБ) белсенді іске асырылуда, оның шеңберінде экономиканы білікті мамандардың қажетті санымен қамтамасыз ету көзделген.
Индустриялық-инновациялық дамудың міндеттері инновациялық кәсіпорындардың 10%-ға дейін өсуін, ЖІӨ құрылымында қайта өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кем дегенде 12,5 % деңгейіне дейін арттыруды және басқа да ауқымды жетістіктерді қамтиды.
Қайта өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің кем дегенде 1,5 есе, ауыл шаруашылығында кем дегенде 2 есе өсуі күтілетінін атап өткен жөн, себебі осы нәтижелерге қол жеткізу мамандар даярлаудың сапасына тікелей байланысты.
ҮИИДМБ сәйкес экономиканың әртараптандырылуын және бәсекелестіктің өсуін қамтамасыз ететін оның басым салалары мұнай-газ секторы, мұнай химиясы, тау-кен металлургия саласы, химия және атом өнеркәсібі, машина жасау, фармацевтикалық өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, ғарыштық қызмет, баламалы энергетика болып табылады.
Сонымен қатар білікті мамандардың жетіспеушілігі осы салалардың көпшілігі үшін ортақ проблема болып табылады. Әсіресе техникалық және қызмет көрсету еңбегі кәсіпқойларының тапшылығы өткір байқалады, себебі өңдеуші кәсіпорындарда жұмыс күшінің негізгі бөлігін солар қалыптастырады.
ҮИИДМБ-ны іске асыру шеңберінде әзірленген салалық бағдарламаларға сәйкес, тау-кен металлургия саласы, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру және құрылыс, химия өнеркәсібі сияқты салаларда мамандарға деген қажеттілік санының анағұрлым көп өсетіні болжанады. Осыған байланысты желіні кеңейтуге, инфрақұрылымды дамытуға және ТжКБ ұйымдарының әлеуетін нығайтуға қажеттілік туындайды.
Дегенмен жоғары технологиялық салаларды дамыту ТжКБ саласында сандық емес, сапалық өзгерістерді, мысалы, жаңа мамандықтарды енгізуді, сондай-ақ қазіргі бар бағдарламалар бойынша оқыту мазмұнын жаңартуды қажет етеді.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабы 35)-тармақшасына сәйкес ТжКБ-ны колледждер береді. Колледж - жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
2010 - 2011 оқу жылының басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін 894 ТжКБ орны, оның ішінде 325 кәсіптік лицей1 (36%) және 569 колледж (64%) болды. Оқу орындарының басым меншік нысаны - мемлекеттік. Оның үлесі жалпы санының 57% құрайды. Алайда колледждердің жалпы санынан мемлекеттік колледждердің үлесі 37% құрайтынын атап өткен жөн.
Соңғы 10 жылда ТжКБ оқу орындарының саны 292 бірлікке (49%) артты. Өсу негізінен жеке меншік колледждер санының күрт артуынан (251 бірлікке немесе 79%) болды, ал мемлекеттік колледждер мен кәсіптік лицейлердің саны 14-15% (тиісінше 21 бірлікке және 41 бірлікке) ғана артты.
Полная версия
ИС BestProfi