Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 26.03.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі N 903 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберiнде сауда саясатын жетiлдiру, ықпалдасу үдерiстерiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы; 
2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 22 қыркүйектегi
 N 903 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Құрам жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 22.06.2009 № 959 Қаулысымен
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (22.06.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.04.2011 жылғы № 352 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2011 жылғы № 705 Қаулысымен (04.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.01.2012 жылғы № 41 Қаулысымен (24.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.02.2012 жылғы № 194 Қаулысымен (13.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Келімбетов         - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қайрат Нематұлы      Министрінің орынбасары, төраға,

Айтжанова        - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар               интеграция істері министрі, төрағаның
Сейдахметқызы       орынбасары

Жақсылықов           Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мекешұлы       даму және сауда вице-министрі, хатшы

Дәленов                     - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Руслан Ерболатұлы             

Бектұров                     - Қазақстан Республикасының Көлік және 
Азат Ғаббасұлы                 коммуникация вице-министрі

Бекетаев                    - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы             министрлігінің жауапты хатшысы

Рау                         - Қазақстан Республикасының
Альберт Павлович              Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Әлімқұлов                    - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Еркеғали Амантайұлы            қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                               агенттік) төрағасының орынбасары

Өмірияев Мүслім            - Қазақстан Республикасының Ауыл
Тайырұлы                     шаруашылығы вице-министрі

Толымбаев                    - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Берік Зиябекұлы                газ вице-министрі

Ерғожин                      - Қазақстан Республикасы Қаржы 
Дәулет Еділұлы                 министрлігі Салық комитетінің төрағасы

Мамашева                   - Қазақстан Республикасы Қаржы
Дина Талғатқызы              министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
                             төрағасының орынбасары

Досмұхамбетова             - Қазақстан Республикасы Табиғи
Балжан Ибатқызы              монополияларды реттеу агенттігі
                             төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2006 жылғы 22 қыркүйектегi
 N 903 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекітiледi.
Полная версия
ИС BestProfi