1. Қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып ауыл шаруашылығы өндiрiсiне несие берудiң пилоттық жобасы мақұлдансын.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.03.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Аграрлық секторға несие беру мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 қаңтар N 137
Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қаржы қаражатына қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және тиiмдi пайдаланылуын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен 2001 жылы:
"Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн "Аграрлық несие корпорациясын құру туралы" N 40 бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 150 000 000 (жүз елу миллион) теңге сомасында қаражат бөлсiн;
"Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының несиелiк ресурстарын қалыптастыру үшiн көздер қарастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
"Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамының жарғысын бекiтсiн;
мемлекеттiк тiркеуден кейiн "Аграрлық несие корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн;
осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп, базасында ауылдық несие серiктестiктерi өрiс алатын аудандардың тiзбесiн айқындасын.
Полная версия