Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидаларын және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 1167 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2010 жылы № 757 Қаулысымен (31.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2010 жылы № 317 26160 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.03.2025 жылғы № 117 Қаулысына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2010 жылғы № 757 Қаулысымен (31.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2010 жылы № 317 26160 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.03.2025 жылғы № 117 Қаулысына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау қағидалары бекітілсін.
Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.07.2010 жылғы № 757 Қаулысына сәйкес
1-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.03.2025 жылғы № 117 Қаулысына сәйкес (10.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерін және "Алтын сапа" өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы N 1059 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 41, 449-бап) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.07.2010 жылғы № 757 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2010 жылы № 317 26160 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2012 жылғы № 1086 Қаулысымен (28.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.03.2015 жылғы № 125 Қаулысымен (25.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.03.2015 жылы № 56 (28534) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ерже жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.07.2018 жылғы № 402 Қаулысына сәйкес (11.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (бұдан әрі – Жарлық) сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысушылар өңірлік кәсіпкерлер палаталарына www.altynsapa.kz сайтында электрондық нысанда және (немесе) қағаз нысанда 1 шілдеге дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және мыналарды:
2) конкурсқа қатысушының өз қызметінің және сапа саласындағы нақты нәтижелерінің деңгейін өзіндік бағалауды білдіретін А4 пішіміндегі 38 парақтан аспайтын есебін;
4) конкурсты ұйымдастырушы белгілеген нысан бойынша өлшемшарттар көрсеткіштері негізінде толтырылған конкурсқа қатысушының сапа саласындағы қызметін өзін-өзі бағалау бойынша сауалнаманы;