Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.01.2010
Сот сараптамасы туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы N 188 Заңы
Осы Заң күшін жойды 12.02.2010 жылдан бастап ҚР 20.01.2010 жылғы № 240-IV Заңына сәйкес
Редакция 15.05.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
сот сараптамасы - шешiлуi үшiн маңызы бар жағдаяттарды белгiлеу мақсатында, арнаулы ғылыми бiлiм-бiлiк негiзiнде жүргiзiлетiн қылмыстық, азаматтық немесе әкiмшiлiк iстердiң материалдарын зерттеу;
сот-сараптама қызметi - арнаулы ғылыми бiлiм-бiлiк негiзiнде қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк процестiң не аралық сотта, төрелiкте iс қараудың қатысушысы болып табылатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қызмет; 
сот сарапшысы - сот, тергеушi, жауап алушы сот сараптамасын жүргiзудi тапсырған iстiң нәтижесiне мүдделi емес, арнаулы ғылыми бiлiм-бiлiгi бар адам; 
сот сарапшысының қорытындысы - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен ресiмделген, сот сараптамасын тағайындаған адам не азаматтық процестiң тарабы сот сарапшысының алдына қойған мәселелер бойынша негiзделген қорытындылар; 
сот сараптамасы органдары - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сараптама қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi функциялар жүктелген мемлекеттiк мекемелер.
1-бап өзгертілді ҚР 28.12.2004. № 24, (20.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2 баптан қараңыз) 20.05.2005. № 51, 12.01.2007. № 222 Заңдарымен(ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының сот сараптамасы туралы заңдары Конституцияға негiзделедi және Қазақстан Республикасының осы Заңынан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттардан тұрады.
Сот сараптамасы мынадай принциптерге: 
2) сот сарапшысының iс жүргiзу тәуелсiздiгiне; 
3) сот сараптамасы органдарының тәуелсiздiгiне; 
4) зерттеулердi жүргiзу құралдары мен әдiстерiнiң ғылыми негiздiлiгiне; 
5) құзыреттiлiкке, жан-жақтылыққа, толықтыққа және объективтiлiкке; 
Полная версия
ИС BestProfi