"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес және Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынуды, оларды есепке алу мен сақтауды ретке келтіру мақсатында:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 1999 жылғы 8 қараша N 90
Осы редакция 08.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Ұсынылып отырған:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулық (N 1 қосымша);
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілері (N 2 қосымша);
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасы бекітілсін (N 3 қосымша).
2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын және олардың құжаттарын есепке алу мен сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеп, бекітсін.
3. Осы Жарлықтың 2-тармағында көзделген Нұсқаулықтың талаптары мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін, өздеріне қатысты бөліктерінде, міндетті деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
N 1 қосымша Қазақстан Республикасы Президентінiң 1999 жылғы 8 қарашадағы N 90 өкiмiмен бекітілді
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртiбi туралы Нұсқаулық
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың тәртібі
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсыну "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Награданың түрi наградтауға ұсынылған адамның сiңiрген еңбегiнiң сипаты мен дәрежесi, ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi мен "Халық қаһарманы" және "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының, Қазақстан Республикасы ордендерiнiң, медальдарының, құрметті атақтары мен Құрмет грамотасының мәртебелерi ескерiле отырып белгіленедi.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.12.2009. № 278 Өкімімен. (01.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Алтын Қыран" орденiмен наградтауға кандидатураларды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Өзге мемлекеттік наградалармен наградтау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының Парламентi, Yкiметi, министрлiктер, агенттіктер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар ұсыныстар бередi.
Наградтауға кандидатураларды еңбек ұжымдары қарап, ұсына алады. Бұл жөнiнде награда қағазына жазылады.
3. Дәрежелерi бар наградалардан басқа бiр наградаға екiншi рет қайталап ұсынуға жол берілмейді.
Полная версия