«Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 30.09.2011 жылғы № 155 Жарлығымен (27.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.06.2024 жылғы № 583 Жарлығына сәйкес (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.06.2024 жылдан бастап)
1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының нышандары:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.05.2002 жылғы № 882 Жарлығымен (23.05.1997 жылғы редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 30.09.2011 жылғы № 155 Жарлығымен (27.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.06.2024 жылғы № 583 Жарлығына сәйкес (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.06.2024 жылдан бастап)
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.05.2002 жылғы № 882 Жарлығымен (23.05.1997 жылғы редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.06.2024 жылғы № 583 Жарлығына сәйкес (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.06.2024 жылдан бастап)
4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандарын дайындауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын дайындайтын кәсіпорындар жүзеге асырады деп белгіленсін.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 30.09.2011 № 155 Жарлығымен. (27.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.06.2024 жылғы № 583 Жарлығына сәйкес (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.06.2024 жылдан бастап)
1) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тулары мен жалауларын ұстау, сақтау және шығару шарты Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ішкі қызмет жарғысында айқындалады;
2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының эмблемасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметтік ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының ғимараттарында орнатылады;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының бұйрықтарында және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдары нышандарының бейнесiн мiндеттi түрде көрсетудің басқа да жағдайлары көзделуі мүмкiн.
6. Нышандарды дайындау бюджетте Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
6-тармақ жаңа редакцияда ҚР Президентінің 30.09.2011 № 155 Жарлығымен. (27.05.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң ұсынуы бойынша өзiнiң нормативтiк актiлерiн осы жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туының СИПАТТАМАСЫ
Сипаттама өзгертілді ҚР Президентінің 14.09.2012 жылғы № 377 Жарлығымен (30.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Сипаттама алынып тасталды ҚР Президентінің 24.06.2024 жылғы № 583 Жарлығына сәйкес (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.06.2024 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының СИПАТТАМАСЫ
Сипаттама өзгертілді ҚР Президентінің 14.09.2012 жылғы № 377 Жарлығымен (30.09.2011 жылғы редакцияны қараңыз)
Сипаттама алынып тасталды ҚР Президентінің 24.06.2024 жылғы № 583 Жарлығына сәйкес (14.09.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.06.2024 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының туы шеттерінің арақатынасы 2:3 болатын (өлшемі 1000:1500 мм) көктікен (көк) түсті тік бұрышты матадан тұрады. Тудың ортасында диаметрі 500 мм (тудың еніне қатысты 1/3) алтын (сары) түсті Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының негізгі элементтерінің трафаретті бейнесі – айшықталған жеті ұшты жұлдыз, жұлдыздың ортасында шаңырағы бар кіші қалқан орналасқан.
Тудың сол жағы диаметрі 32 мм және ұзындығы 2000 мм сапқа кигізуге мүмкіндік беретін тігіспен тігіледі. Саптың ұшы найза пішінінде болады және алтын-сары түсті металдан жасалған. Ұштықтың ұзындығы – 260 мм, ені – 110 мм. Найзаға ұшында қос шашағы бар алтын-сары түстес өрілген бау бекітілген. Баудың ұзындығы –750 мм, шашақтардың ұзындығы – 250 мм.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының эмблемасы көгілдір (аспанкөк) түсті орталық алаңы (диаметрі 750 мм) және алтын (сары) түсті жиекпен (ені 250 мм) көмкерілген көктікен (көк) түсті сыртқы шеңбері (ені 750 мм) бар дөңгелек қалқан (диаметрі 1000 м) бейнесінен тұрады.
Көктікен (көк) түсті қалқанның сыртқы шеңберін бойлай мемлекеттік тілде: үстіңгі жағында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», төменгі жағында – «ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ» деген жазу (қаріп биіктігі 550 мм) жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.
Қалқанның ортасында көгілдір (аспанкөк) түсті алаңның үстінде жеті доғал шұғыласы бар, алтын (сары) негізге күрең қызыл (қою қызыл) түсті айшықты жеті ұшты жұлдыз (сәулелердің биіктігі бойынша диаметрі – 750 мм) орналасқан.
Алтын (сары) жиекпен (ені 10 мм) көмкерілген көктікен (көк) түсті қалқанның (ені 40 мм) шеңберін бойлай мемлекеттік тілде (қаріп биіктігі 36 мм): «НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН» деген жазу (ұран) жазылған. Жазулар күміс (ақ) түсте орындалған.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің туы шеттерінің арақатынасы 2:3 болатын (өлшемі 1000х1500 мм) көктікен (көк) түсті тік бұрышты матадан тұрады. Тудың ортасында диаметрі 500 мм (тудың еніне қатысты 1/3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің негізгі элементтерінің трафареттік бейнесі орналасқан.
Тудың сол жағы диаметрі 32 мм және ұзындығы 2000 мм сапқа кигізуге мүмкіндік беретін тігіспен тігіледі. Саптың ұшы найза пішінінде болады және алтын-сары түсті металдан жасалған. Ұштықтың ұзындығы – 260 мм, ені – 110 мм. Найзаға ұшында қос шашағы бар алтын-сары түстес өрілген бау бекітілген. Баудың ұзындығы –750 мм, шашақтардың ұзындығы – 250 мм.
Жалаудың орта тұсында қою сарғыш түспен көмкерілген жайылған қанаттарымен үй, Отан дегенді білдіретін киіз үй фрагменті – керегені жауып тұрған бүркіт орналасқан.
Матаның бір жақ енінде оны сапқа кигізуге арналған тесік бар, тесіктің диаметрі – 4 см. Жалаудың сабы диаметрі 4 см, ұзындығы 250 см дөңгелек қималы ағаштан жасалған. Сап ашық қоңыр түске боялған, сырланған және төменгі ұшында металл шығыршығы, ал жоғарғы ұшында – алтын түсті әшекейлі ұштығы бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының (бұдан әрі – ҰҚК Академиясы) жалауы алтын (сары) түсті жиекпен жиектелген, шеттерінің арақатынасы 2:3 болатын (өлшемі 1000:1500 мм) көктікен түсті тік бұрышты матадан тұрады. Жалаудың ортасында өлшемі 740х350 мм (жалаудың еніне қатысты 1/3) алтын (сары) түсті ҰҚК Академиясы эмблемасының негізгі элементтерінің трафареттік бейнесі – ашылған кітап негізгі дөңгелек қалқан, қосарлы жеті ұшты жұлдыз, шаңырағы бар кіші қалқан, қылқалам, қылыш орналасқан.
Матаның жоғарғы шетінде алтын түсті жібекпен мемлекеттік тілде: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ» деген жазу кестеленген, әріптердің биіктігі – 7,5 см.