Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 282 Жарлығы
Редакция 14.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ереже (1-қосымша); 
2) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 09.11.2011 жылғы № 169 Жарлығымен (09.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі ай мерзімде Мемлекеттік шекараны қалыптастыру мен жайластырудың, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін құру мен дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізсін. 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 282 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.03.2012 жылғы № 282 Жарлығымен (09.11.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.08.2013 жылғы № 613 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 14.11.2014 жылғы № 954 Жарлығымен
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 02.08.2015 жылғы № 58 Жарлығымен (14.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 19.05.2016 жылғы № 265 Жарлығымен (02.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 21.06.2017 жылғы № 502 Жарлығымен
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 13.02.2019 жылғы № 842 Жарлығымен (21.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 10.09.2019 жылғы № 151 Жарлығымен (13.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 18.09.2019 жылғы № 163 Жарлығымен (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 09.01.2020 жылғы № 237 Жарлығымен (18.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.05.2022 жылғы № 893 Жарлығына сәйкес (09.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік шекараның тұтастығын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, шекара кеңістігінде заңдылық пен белгіленген тәртіпті сақтау мақсатында құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда (оның ішінде суасты ортасында) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Шекара қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Шекара қызметі республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның қазақ тіліндегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Шекара қызметі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Шекара қызметі, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Шекара қызметі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Шекара қызметі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Шекара қызметінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Шекара қызметінің бірыңғай жүйесін мыналар құрайды:
Полная версия
ИС BestProfi