Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.01.2006
Жеке кәсiпкерлiк туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N 135 Заңы
Осы Заң күшін жойды 07.02.2006 жылдан бастап ҚР 31.01.2006 жылғы № 124-III Заңына сәйкес
Редакция 24.12.2001 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын iске асыруға, жеке кәсiпкерлiк үшiн мемлекеттiк кепiлдiктер жүйесiн қалыптастыруға бағытталған.
1. Жекеше кәсiпкерлiк түрi ретiндегi жеке кәсiпкерлiк азаматтардың бастама жасайтын қызметi, ол табыс табуға бағытталған, азаматтардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және олардың тәуекелi мен мүлiктiк жауапкершiлiгi арқылы азаматтар атынан жүзеге асырылады. 
2. Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгiлерi болмаған жағдайда кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адам жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
1. Жеке кәсiпкерлiк саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, оған қайшы келмейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 
2. "Жекеше кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жеке кәсiпкерлiкке осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады. 
3. Осы Заң нотариустар мен адвокаттардың арнаулы заң актiлерiмен реттелмейтiн бөлiктегi қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi қатынастарды реттейдi.
1. Жеке кәсiпкерлiктiң түрлерi өзiндiк кәсiпкерлiк пен бiрлескен кәсiпкерлiк болып табылады. 
2. Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр азамат меншiк құқығы бойынша өзiне тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады. 
3. Бiрлескен, кәсiпкерлiктi азаматтар тобы (жеке кәсiпкерлер) ортақ меншiк құқығы бойынша өздерiне тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.
1. Бiрлескен кәсiпкерлiк бiрлескен ортақ меншiк (ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi, шаруа (фермерлiк) шаруашылығының ортақ меншiгi, жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк) немесе үлестiк ортақ меншiк негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. 
2. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң түрлерi мыналар болып табылады: 
1) ерлi-зайыптылардың бiрлескен ортақ меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi; 
2) шаруа (фермерлiк) шаруашылығының ортақ меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге бiрлескен ортақ меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк; 
Полная версия
ИС BestProfi