Осы Заң мемлекеттiк қызметтiң бiр бөлiгi ретiндегi Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң құқықтық негiздерiн, сондай-ақ оның қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi.
Внимание! Документ утратил силу с 07.03.2002
Дипломатиялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 12 қарашадағы N 187
Осы Заң күшін жойды 12.03.2002 жылдан бастап ҚР 07.03.2002 жылғы № 299 Заңына сәйкес
Редакция 10.10.2001 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
I тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Дипломатиялық қызмет ұғымы
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi - Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Республиканың сыртқы саяси қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардағы азаматтардың кәсiби қызметi.
2. Консулдық қызмет - дипломатиялық қызметтiң Қазақстан Республикасы Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысы негiзiнде жүзеге асырылатын бiр бөлiгi.
2-бап. Дипломатиялық қызмет жұмысының құқықтық негiзi
Дипломатиялық қызмет жұмысының құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызмет туралы" заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заң және нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
3-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының жүйесi
Дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерi, Сыртқы iстер министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы аумағындағы өкiлдiктерi, Дипломатиялық корпусқа Қызмет көрсету жөнiндегi департамент, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн құрылған бағынышты ұйымдар, Дипломатиялық академия және Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарамағындағы басқа да оқу орындары құрайды.
4-бап. Сыртқы iстер министрлiгi
1. Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметi жүзеге асыратын және дипломатиялық қызмет органдарының бiрыңғай жүйесiн басқаратын орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi басқарады.
5-бап. Дипломатиялық қызмет органдарының мiндеттерi
Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негiзгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi ұсыныстар жасау;
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы мен Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
4) дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығын қорғауды, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн қамтамасыз ету;
Полная версия