Екінші деңгейдегі банктер және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы жүргізетін операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 16.12.2020
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 152 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы N 80 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 25 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5802 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.09.2020 жылғы № 109 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 152 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5109 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
бүкіл мәтін бойынша:
тараулар параграфтардың тақырыптарының нөмірлері алдында "§" деген белгімен толықтырылсын;
"2209 "Жеке тұлғалардың карт-шоттары" деген жолдар алынып тасталсын;
"2221 "Заңды тұлғалардың карт-шоттары" деген жолдар алынып тасталсын;
"2. Осы Нұсқаулықта 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (Жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім), "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1015 тіркелген "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң вексельдер есебiн жүргiзу ережесiн бекіту жөнінде" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 396 және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1016 тіркелген "Екiншi деңгейдегi банктердiң аударым және жай вексельдермен операциялар жүргiзу ережесiн бекіту жөнінде" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 397 қаулыларында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) дисконт (жеңілдік) – қаржы активінің/міндеттемесінің бастапқы құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің кірістерін/шығыстарын құрайтын өтеу сомасы арасында туындайтын теріс айырма сомасы;
2) кредиттік дериватив – активті жеке сатуды қолдамай, актив бойынша кредиттік тәуекелді бір тараптан (бенефициардан) басқа тарапқа (гарантқа) ауыстыруға мүмкіндік беретін қаржы құралы;
3) кредиттік-дефолт свопы – екіжақты қаржы құралы, мұнда бірінші тарап (кредиттік-дефолт свопы мәмілесі бойынша сатып алушы) кезеңдік төлемдерді басқа тарапқа (кредиттік-дефолт свопы мәмілесі бойынша сатушыға) кредиттік жағдайдың басталуына негізделген төлемге айырбас ретінде жүргізеді;
4) сыйлықақы – қаржы активінің/міндеттемесінің бастапқы құны (есептелген сыйақыны қоспағанда) және инвестор (сатып алушы) үшін болашақ кезеңдердің шығыстарын/кірістерін құрайтын өтеу сомасы арасында туындайтын оң айырма сомасы;
5) сыйлықақы немесе дисконт (жеңілдік) амортизациясы – бұл есепте тұрған сыйлықақының немесе дисконттың (жеңілдіктің) сомасын банктің кірісіне немесе шығысына біртіндеп жатқызу.";
"7. Шетел валютасындағы активтерді қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) оң бағамдық айырма сомасына:
Дт 1051 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шот"
1052 "Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар"
Полная версия

