Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2016
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кастодиандық қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 10 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 ақпанда № 6792 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 жылғы № 183 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банк басқармасы төрағасының 23.04.2014 жылғы № 67 Қаулысымен (31.01.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 191 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5796 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесінде:
кіріспесі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына» деген сөздерден кейін «(бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң)» деген сөздермен толықтырылсын;
«10-1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 26-бабында белгіленген кастодианның функцияларын іске асыру мақсатында кастодиан мыналарды:
1) зейнетақы активтерін жинақтау, оларды орналастыру, сондай-ақ инвестициялық кіріс алу бойынша барлық операцияларды есепке алуды;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей оның инвестициялық шоты бойынша ақша қозғалысы туралы және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қызметі туралы кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде ай сайын хабардар етуді;
3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға, немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорына ұсыну үшін осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры кескінінде зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есепті жасау және кастодиандық шартта белгіленген кезеңділікпен және мерзімдерде осы Ереженің 27-тармағына сәйкес салыстырып тексеруді жүргізу үшін оны зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорына) беруді;
4) комиссиялық сыйақы сомаларына және зейнетақы төлемдері шотынан аударуға жататын сомаларға бақылау жүргізуді жүзеге асырады.»;
бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
үшінші және төртінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Зейнетақы активтерінің есебін жүргізу мақсаттары үшін кастодиан жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздардың және басқа қаржы құралдарының есебін жүргізуге арналған баланстан тыс шот ашады. Зейнетақы активтері кастодианға кастодиандық қызмет көрсетуге берілген жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті активтерінен бөлек есепке алынады.»;
27-тармақта «және зейнетақы активтерін» деген сөздер «және (немесе) зейнетақы активтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«29. Кастодиандық қызмет көрсетуге берілген зейнетақы активтерін, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясының активтерін салыстырып тексерудің ерекшеліктері № 139 қаулыда белгіленеді.»;
32-тармақтың бірінші бөлігіндегі «28, 29 және 30-тармақтарына» деген сөздер «27-тармағына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдары реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 10 қаулысына 1-қосымша
«Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесіне 1-қосымша
20__ж. «___» ______ бастап «___» ________ дейінгі кезең бойынша _______________________________________________________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) инвестициялық шоты бойынша ақша қозғалысы туралы мәліметі
№ | Ақша ағындарының баптары | Сомасы |
1. | Есепті кезеңнің басындағы ақша қалдығы | |
2. | Түскен ақшалар барлығы, оның ішінде: | |
2.1. | зейнетақы жарналары | |
2.2. | басқа қорлардан келіп түскен жинақталған зейнетақы қаражаты | |
2.3. | өсімпұл | |
2.4. | нақты алынған инвестициялық кіріс | |
2.5. | анықталмаған (жаңылысып түскен) сомалар | |
2.6. | зейнетақы төлемдері шотынан қайтарылған сомалар | |
2.7. | қайтарылған банктік салымдар сомасы | |
2.8. | бағалы қағаздарды өтеуден түскен сомаларды қоса алғандағы, бағалы қағаздарды сатудан түскен сомалар | |
2.9. | басқа сомалар | |
3. | Барлығы инвестицияланған ақша, оның ішінде: | |
3.1. | бағалы қағаздар | |
3.2. | екінші деңгейдегі банктердегі салымдар | |
4. | Барлығы төлемдер, оның ішінде: | |
4.1. | жасына қарай зейнетақы төлемдері | |
4.2. | мұрагерлерге | |
4.3. | Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарға шығуына байланысты | |
4.4 | жаңылыс есепке алынған сомаларды қайтару | |
4.5. | комиссиялық сыйақылар аударымдары | |
4.6. | шетел валютасын сатып алу | |
4.7. | өзгелер | |
5. | Есепті кезеңнің аяғындағы ақша қалдығы | |
Қосымша мәліметтер | ||
Есептелген инвестициялық кіріс | ||
Инвестициялық кірістен түскен комиссиялық сыйақылар | ||
Зейнетақы активтерінен түскен комиссиялық сыйақылар |
Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________ ____________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас
бухгалтер _______________________________________ __________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы: _________________________ ________ ________________
(лауазымы, тегі және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы «___» ______________
Мөрдің орны».
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдары реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтар № 10 қаулысына 2-қосымша
«Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесіне 2-қосымша
_______________________________________________ (жинақтаушы зейнетақы қорының атауы) зейнетақы активтерінің құрылымы туралы есебі
Реттік нөмірі | Эмитенттің атауы | Бағалы қағаздың түрі | Ұлттық сәйкестендіру нөмірі | Номиналды құны (теңге) | Саны (данасы) | Өтеу мерзімі (өтеу күні) | Бір бағалы қағаздың сатып алу құны (теңге) | Бағалы қағазға салынатын жиынтық сомасы | Орналастырылған зейнетақы активтерінің жиынтық шамасынан % жиынтығы |
Мемлекеттік бағалы қағаздар
бойынша жиынтығы
Бағалы қағаздар бойынша жиынтығы
Бірінші басшы (ол болмаған кезде–оның орнындағы адам)
___________________________________________________ ___________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Бас
бухгалтер _________________________________________ ___________
(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) (қолы)
Орындаушы: ________________________ _______ __________________
(лауазымы, тегі және аты) (қолы) (телефон нөмірі)
Есепке қол қойылған күні 20_____ жылғы «_____» __________
Мөрдің орны».
Полная версия