Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
«Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жер асты тәсілімен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2207 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жер асты тәсілімен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 25 желтоқсандағы
 № 2207 қаулысымен
 бекітілген
«Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жер асты тәсілімен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жер асты тәсілімен игеру үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) пайдалы қазбалардың кенді, кенсіз және ұсақ тау жынысты кен орындарын жер асты тәсілімен игерумен байланысты өндірістік үдерістердің қауіпсіздігіне қойылатын ең төменгі талаптарды белгілейді.
2. Пайдалы қазбаларды жер асты тәсілмен қазу тау-кен бөлу шеңберінде тау-кен қазындысын ашуды, қазуға дайындауды, өндіру мен тасымалдауды қамтиды. Жол берілмеуге тиіс негізгі қауіпті факторлар (қатерлер):
1) жыныстардың құлауы мен тау-кен соққылары;
4) жарылыс-өрт қауіптілігі болып табылады.
3. Техникалық регламент жанғыш пайдалы қазбаларды, радиациялық қауіпті өндірістерді қазу үдерістеріне, оның ішінде жер асты сілтілеу кезінде, жер қойнауын қорғауға қолданылмайды.
4. Осы Техникалық регламентте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:
1) желдету ағысын реверстеу - тау-кен қазбаларында ауа қозғалысының бағытын кері (қарама-қайшы) бағытқа жасанды түрде өзгерту;
2) жер асты тау-кен қазбалары - жер бетіне шығу жолының бар-жоғына қарамастан, тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде құрылған жер қойнауындағы құрылыстар;
Полная версия
ИС BestProfi