Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.10.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы N 558 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына және 126-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Үлгілік ереже) бекітілсін.
2. Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар директорлар кеңестерінің басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Үлгілік ережеге сәйкес белгілеуді қамтамасыз етсін.
3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі", "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамдарына акцияларының пакеттерін мемлекет олардың жарғылық капиталына берген ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдарға қатысты басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шартын Үлгілік ережеге сәйкес белгіленген тәртіппен айқындау ұсынылсын. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.11.2008. № 1048, 20.07.2009. № 1101 Қаулыларымен. (10.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
4. "Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 наурыздағы N 183 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 8, 88-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 10 маусымдағы
 N 558 қаулысымен
 бекітілген
Полная версия
ИС BestProfi