Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
"Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1470 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1183 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 291-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасы және басқарма мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережеде:
«7-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасы және басқарма мүшелерінің айлық лауазымдық жалақыларының шекті мөлшерін және еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.».
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 43, 418-құжат), 2-тармақты қоспағанда;
2) «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1315 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi