Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 146 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысына сәйкес
1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
5-тармақтағы «олар үшін белгіленген су тұтыну лимиті шегінде» деген сөздер «елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта:
мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
«тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шығыстары құрамында» деген сөздер «тиісті қаржы жылдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «және үйге ортақ (бірыңғай)» деген сөздер «бірыңғай» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия