Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 07.03.2017
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебiнiң нормативтiк мәнi мен әдiстемесi, сақтандыру тобының төлем қабiлеттiлiгi маржасының жеткiлiктiлiгi нормативi, пруденциалдық нормативтердiң орындалғандығы жөнiндегi есептi беру нысандары мен мерзiмi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 19 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 наурызда № 7462 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебiнiң нормативтiк мәнi мен әдiстемесi, сақтандыру тобының төлем қабiлеттiлiгi маржасының жеткiлiктiлiгi нормативi, пруденциалдық нормативтердiң орындалғандығы жөнiндегi есептi беру нысандары мен мерзiмi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында 2008 жылғы 15 қарашада № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебiнiң нормативтiк мәнi мен әдiстемесi, сақтандыру тобының төлем қабiлеттiлiгi маржасының жеткiлiктiлiгi нормативi, пруденциалдық нормативтердiң орындалғандығы жөнiндегi есептi беру нысандары мен мерзiмi туралы нұсқаулықта:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерi»; «2. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының және қайта сақтандыру ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының барынша төмен мөлшерi»; «3. «Өмiрдi сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының барынша төмен мөлшерi»; «4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының нақты есебi»; «5. Кепiлдiк беру қорының барынша төмен мөлшерi»; «6. Төлем қабiлеттiлiгi маржасының жеткiлiктiлiгi және кепiлдiк беру қорының нормативi»;
«30. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi маржасының немесе кепiлдiк беру қорының барынша төмен мөлшерi осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушының қаржылық сенiмдiлiк рейтингiне немесе Қазақстан Республикасынының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативінің мәніне байланысты қайта сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент еместері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берiлетiн (берiлген) сақтандыру сыйақылары міндеттемелер сомасына өсiрiледi.
Сақтандыруға берiлген (берiлетiн) міндеттемелер сомасына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабiлеттiлiгi маржасының немесе кепiлдiк беру қорының барынша төмен мөлшерiн өсірген кезде осы Нұсқаулықтың 35-тармағында көрсетiлген рейтингтiк агенттiктердiң халықаралық немесе ұлттық шәкiлi бойынша бар болған рейтингтiк бағалардың ең төменгі рейтингi қолданылады.
Сақтандыру тәуекелдері Қазақстан Республикасының резидент емес сақтандыру брокерiнiң делдалдығы арқылы Қазақстан Республикасының резидент емес қайта сақтандыру ұйымдарына қайта сақтандыруға былай берiлуi мүмкiн:
1) тiркелген елдiң уәкiлеттi органының тиiстi лицензиясы (тiркелген) бар болса;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Банктiк және сақтандыру қызметiнiң, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерiнiң, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлiк инвестициялық қорлар қызметiнiң мақсаттары үшiн оффшорлық аймақтардың тiзбесiн бекiту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысымен бекiтiлген оффшорлық аймақтардың тiзiмiне енгiзiлмеген, Сақтандыруды Қадағалау Органдарының Халықаралық Қауымдастығының (IAIS) мүшесi болып табылатын елде (аумақта) тiркелген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5371 тiркелген);
3) әр талап бойынша 176000 айлық есептiк көрсеткiштен кем емес сақтандыру сомасына және жыл iшiндегi барлық талаптар бойынша 263000 айлық есептiк көрсеткiш бойынша өз азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi үшiн сақтандыру шарты бар.»;
«33-1. Осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес жоғары өтiмдi активтердiң жеткiлiктiлiгi нормативi мен активтердiң сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша жiктеудi ескерiп, нақты төлем қабiлеттiлiгiнiң маржасын есептегенде, сақтандыру резервтерiндегi қайта сақтандырушының үлесiнiң сомасына Қазақстан Республикасының резиденттерi және Қазақстан Республикасының резидентi еместері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерiндегi қайта сақтандырушының үлесі мынадай жағдайлардың бiрi болғанда кiргiзiлмейдi:
Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы «Standard & Poor's» агенттiгiнiң «В-»-тен төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе осы рейтингтік агенттiктердiң рейтингтік бағасы жоқ;
қайта сақтанушыда (цедентте) Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы туралы ақпараты, оның iшiнде қайта сақтандыру шартын жасаған күннiң алдындағы соңғы үш қаржы жылының қаржылық есептiлiгi және оны тiркеген елдiң уәкiлеттi органының қайта сақтандыру шартын жасаған күнге дейiнгi соңғы есепті кезең iшiнде төлем қабiлеттiгi маржасы (меншiктi капиталы) бойынша талаптарын сақтауы туралы ақпараты жоқ;
сақтандыру тәуекелдерін тапсыру кезінде факультативті қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері қайта сақтандыру шарты бойынша мiндеттемелердi орындау валютасы бағамының өзгеру нәтижесінде асып түсу жағдайын қоспағанда, сақтандыру шарты бойынша сыйлықақы мөлшерінен асып түсуі;
қайта сақтандыру шарты жауапкершiлiктiң он пайыздан аспайтын және сақтандыру сыйлықақының елу пайыздан астам көлемін тапсыруды көздейді;
қайта сақтандыру шарты қайта сақтанушының (цеденттің) қайта сақтандыру саясатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуына қойылатын талаптар жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 6113 тіркелген) ережелеріне қайшы келтiрiп жасалған;
Полная версия