Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы
Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (17.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (17.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (17.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2. Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін мынадай мемлекеттік органдар айқындалсын:
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар).
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (17.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3. Бағалау 2010 жылдан басталуы керек пилоттық екі орталық мемлекеттік орган мен облыстың бір жергілікті атқарушы органын қоспағанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу 2011 жылдан бастап жүзеге асырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде 2010 жылы бағалауға жататын мемлекеттік органдардың тізбесін бекітсін.
5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне тиісті бағыттар бойынша бағалауға жауапты мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша үш ай мерзімде тиісті қорытындылар дайындауды қамтитын бағалау жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін.
6. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша үш ай мерзімде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының форматын әзірлесін және бекітсін.
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 26.08.2019 жылғы № 136 Жарлығына сәйкес (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 18.03.2014 жылғы № 771 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 18.03.2014 жылғы № 771 Жарлығымен (22.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (29.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
12. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Полная версия