Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.09.2007
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 1599       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 806 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
"Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32, 299-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
Аталған қаулымен бекiтiлген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереженiң 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Мемлекеттiк сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi"; 
Аталған қаулымен бекiтiлген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi Комиссия туралы Ереженiң 5-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
"5. Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжiлiсiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды".
Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
Полная версия
ИС BestProfi