Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.04.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
"Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 мамырдағы N 743 Қаулысы
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін. 
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 19 мамырдағы
 N 743 қаулысымен
 бекітілген
"Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Осы "Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының жіктеуіші бойынша кодтармен пайдаланылатын барлық өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) балық және балық өнімдерінің түрлеріне қолданылады. 
Осы Техникалық регламент балықтан алынатын тағамдық өнімдердің қауіпсіздігіне, соның ішінде аквадақылдары өнімдеріне, балық және балық өнімдерін өндіру процестеріне, орамасына, таңбалауына және айналымына талаптар белгілейді. 
2. Осы Техникалық регламент талаптары: 
1) балықтарды көбейту және өсіру (жетілдіру) процестеріне; 
2) балалар үшін арнайы тағайындалған (соның ішінде емдәмдік және емдік-профилактикалық) тағамдарға, балық және балық өнімдеріне; 
3) балықтан әзірленген биологиялық активті және тағамдық қоспаларға; 
 тармақшағы өзгерту енгізу көзделді ҚР Үкіметінің 15.11.2010 № 1201 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4) балықтан әзірленген азықтық және техникалық өнімдерге қолданылмайды.
тармақты 5) тармақшамен толықтыру көзделді ҚР Үкіметінің 15.11.2010 № 1201 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Балық және балық өнімдерін бірдейлендіру ондағы бірдейлендіру белгілерінің бар-жоғын қарап, тексеру арқылы жүргізіледі. 
Өнімдерді зерттеу және сынақтан өткізу үшін сынама алу және бірдейлендіру өнімдердің нақты атауына талаптар белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды пайдалану арқылы мынадай жолмен жүргізіледі: 
өнім партиясын сипаттаушы құжаттарды талдау; 
Полная версия
ИС BestProfi