Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 20.11.2001 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 7 тамыз N 1090
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Iзгiлiк көмегi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына шетелден тауарлар әкелу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 
2. Шетелдiк iзгiлiк көмегiн алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Халықаралық iзгiлiк көмегi мәселелерi жөнiндегi комиссия құрылсын. 
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi iзгiлiк көмегi мәселелерi бойынша келген шетел азаматтарына виза берудi белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 
4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, "Қазақстан телевизиясы мен радиосы" республикалық корпорациясы iзгiлiк көмектiң түсуi мен бөлiну барысы туралы жұртшылыққа үнемi хабарлап тұрсын. 
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп екi ай мерзiм iшiнде Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия мен оның құрамы туралы ереженiң жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзсiн. 
Полная версия
ИС BestProfi