Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.07.2006
Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы N 111 Заңы
Осы Заң күшін жойды 12.07.2006 жылдан бастап ҚР 07.07.2006 жылғы № 170-III Заңына сәйкес
Редакция 13.01.2004 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау жөнiнде азаматтардың Конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
 анатомиялық сый   - органдар мен тканьдар беру;  
 ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемi   - Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына көрсетiлетiн және тiкелей республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын медициналық көмектiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы бiрыңғай көлемi;  
 ерiктi медициналық сақтандыру   - азаматтарға медициналық көмектiң кепiлдi тегiн көлемiнен тыс қосымша қызмет көрсету бойынша оларды сақтандыру түрi;  
 амбулаториялық-емханалық тарификатор   - мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек қызметiн көрсетуге арналған тарифтер тiзбесi;  
 клиникалық-шығын топтары   - емделуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық бiртектес топтары;  
 жан басына шаққандағы норматив   - медициналық қызмет көрсетулердiң нақты көлемiн қамтамасыз ету үшiн бiр адамға есептелген жыл сайын қайта қаралатын шығындардың белгiленген нормасы;  
 халықтық медицина (емшiлiк)   - халық жинақтаған емшiлiк құралдар туралы тәжiрибелiк мәлiметтердiң, сондай-ақ емшiлiк және гигиеналық тәсiлдер мен дағдылардың жиынтығы және оларды денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу мен емдеу үшiн iс жүзiнде қолдану;      
 медициналық оңалту   - денсаулықты iшiнара немесе толық қалпына келтiру;  
 ЖИТС - жасанды иммунды тапшылық синдромы   - адамның иммунды тапшылық вирусын жұқтыруына байланысты аса қауiптi жұқпалы ауру;  
 трансплатация   - тканьдар мен органдарды басқа орынға немесе басқа организмге ауыстырып салу, көндiктiру;       
 жеке медициналық практикамен айналысатын заңды және жеке тұлғалар   - халыққа профилактикалық, диагностикалық және емдiк көмек көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет түрi;  
 эвтаназия   - науқастың қандай да бiр әрекеттер немесе құралдар, соның iшiнде тiршiлiгiн сақтау жөнiндегi жасанды шараларды тоқтату арқылы өз өлiмiн тездету туралы өтiнiшiн қанағаттандыру.  
1-бап өзгертілді ҚР 17.12.1998. № 325 Заңымен.
Осы Заңмен реттелетiн мәселе Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығын iске асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. 
Полная версия
ИС BestProfi