Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2010
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы N 815 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3267
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2010 № 311 бұйрығымен. (10.02.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 10.02.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН : 
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша) азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету,  тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша қызметтерді сатып алу кезінде осы Ережені басшылыққа алсын. 
3. Қаржы департаменті (Литвиненко Т.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 
4. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) мемлекеттік тіркеуден кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.А.Амангелдиевке жүктелсін. 
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2004 жылғы 17 қарашадағы
 N 815 бұйрығымен
 бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілді  
 көлемін көрсету ережесі 
1. Осы Ереже ТМККК көрсетудің жоспарланған көлемін айқындауды, ТМККК шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді, сондай-ақ ТМККК көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды қамти отырып, жоғары мамандандырылған медициналық көмекті қоспағанда, азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету (бұдан әрі - ТМККК) тәртібін айқындайды.
#$: 1-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығымен.
2. ТМККК жоспарлы көлемін көрсетуді  
 айқындау тәртібі 
2. Алдағы қаржы жылына ТМККК жоспарланатын көлемі халықтың мынадай медициналық көмек түрлері бойынша: 
1) бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК), мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек және стационарды алмастыратын медициналық көмек, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және қоршаған ортасына қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың; 
3) стационарлық көмек, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және қоршаған ортасына қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдардың; 
4) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен қабылданатын медициналық көмектің қосымша түрлеріне сұранысын талдау негізінде айқындалады.
Полная версия
ИС BestProfi